Accessibility links

"Астана" "Селтиктен" ірі есеппен ұтылды


"Астана" футбол командасының ойыншылары (Көрнекі сурет).
"Астана" футбол командасының ойыншылары (Көрнекі сурет).

"Астана" футбол командасы Чемпиондар Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Шотландияның "Селтик" клубынан 0:5 есебімен ұтылып қалды.

Алғашқы матч 16 тамыз күні Глазгодағы Celtic Park стадионында өтті.

Қарымта матч 22 тамызда кешке Астанада өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтеді.

XS
SM
MD
LG