Accessibility links

Сербия ауғандық суретші балаға азаматтық ұсынды


Ауғанстаннан шыққан 10 жастағы суретші Фархад Нури өзі салған суретінің жанында. Белград, 16 тамыз 2017 жыл.
Ауғанстаннан шыққан 10 жастағы суретші Фархад Нури өзі салған суретінің жанында. Белград, 16 тамыз 2017 жыл.

Белград Ауғанстаннан шыққан 10 жастағы бала, импрессионистік суреттері арқасында танымал болып, "кішкентай Пикассо" деген атқа ие болған Фархад Нуридің отбасына Сербия азаматтығын беруді ұсынды.

Сербия президенті Александр Вучич мұндай ұсынысын Белградта Фархад Нуримен және оның отбасы мүшелерімен кездесуінен соң білдірді. Президент сонымен қатар Нуриді суретшілік талантын ұштауы үшін мектепке орналастыруға және оның әкесіне жұмыс қарастыруға уәде берді. Ауғандық баланың отбасы Вучичтің ұсынысын қабылдайтынын, я қабылдамайтынын хабарламады.

Ауғанстаннан шыққан Нуридің отбасы сегіз айдан бері Белград маңындағы босқындар лагерлерінің бірінде тұрып жатыр. Нури Германия канцлері Ангела Меркельдің және сюрреалист суретші Сальвадор Далидің портреттерін салғасын танылып, БАҚ-та жарияланды. Өткен аптада Белградта ауғандық бала салған суреттердің көрмесі өтті. Көрме қайырымдылық мқсатында ұйымдастырылды, оны ұйымдастырушылар жиналған қаржыны ми қатерлі ісігіне шалдыққан балаларды емдеуге жұмсамақ.

XS
SM
MD
LG