Accessibility links

Қазақстан қорғаныс министрі Мирзияевпен кездесті


Қазақстан мен Өзбекстанның тулары (Көрнекі сурет).
Қазақстан мен Өзбекстанның тулары (Көрнекі сурет).

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 17 тамызда осы елде ресми сапармен жүрген Қазақстанның қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады деп хабарлайды Uzbekistan 24 агенттігі.

Кездесу барысында екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланған. Атап айтқанда, тараптар Өзбекстан мен Қазақстанның қорғаныс министрлігінің өндіріс кооперациясы мен әскери кадр дайындауда өзара іс-қимылдарын тиімді дамытуды талқылаған.

Министр Сәкен Жасұзақов өзін "жылы қабылдағаны үшін" Өзбекстан президентіне ілтипатын білдіріп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемін жолдаған.

Министр Қазақстан мен Өзбекстан арасында әскери-техникалық қарым-қатынастың дамуына мүдделі екенін, әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірген.

XS
SM
MD
LG