Accessibility links

Финляндиядағы шабуылды әзірге теракт санамайды


Турку қаласындағы пышақпен шабуыл жасалған жерге келіп тұрған жедел жәрдем көліктері. Финляндия, 18 тамыз 2017 жыл.
Турку қаласындағы пышақпен шабуыл жасалған жерге келіп тұрған жедел жәрдем көліктері. Финляндия, 18 тамыз 2017 жыл.

Финляндияның Турку қаласында жасалған пышақпен шабуылды полиция әзірге террорлық акт деп санамайды, бірақ теракт болып шығуы да мүмкін екенін теріске шығармайды.

ВИДЕО: Финляндиядағы пышақпен шабуыл

Финляндиядағы пышақпен шабуыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:29 0:00

Әзірге шабуыл жасаушының аты-жөні жарияланбады. Пышақпен шабуыл жасап, екі адамды өлтіріп, сегіз адамды жаралады деген күдікті ұсталған кезде аяғынан оқ тиып жараланған еді. Қазір ол ауруханада жатыр.

Турку қаласындағы шабуыл жұма күні түс қайта жасалған. Жапа шеккендер туралы ресми ақпарат әлі жоқ.

Фин полициясы Хельсинки әуежайы мен вокзалдарда қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтты. Елдің қауіпсіздік қызметі Twitter-де: "Полиция Туркудағы қылмысты жалғастыруы ықтимал күдіктілерді іздеп жатыр. Олар халықтан Туркудың орталығына бармауды сұрайды" деп хабарлады.

Әзірше шабуыл жасаушы күдіктінің мақсаты не болғаны белгісіз.

XS
SM
MD
LG