Accessibility links

Жамбыл облысында "әріптестерін пышақтаған" полицей ұсталды


Youtube желісіне жарияланған видеодан алынған скриншот.
Youtube желісіне жарияланған видеодан алынған скриншот.

Әріптестерін пышақтап, артынан іздеу жарияланған Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл департаментінің бұрынғы бастығы "Мұрат Үмбетәлиевтің ұсталғанын" Азаттыққа тамыздың 19-ы күні осы облыстың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметі жазбаша таратқан хабарламада "Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің шұғыл әрекет қызметтері Мұрат Үмбетәлиевті ұстады, қазір ол бұлтартпау шарасын анықтау үшін бас прокуратураның арнайы тобына тапсырылды" деп жазылған.

10 тамыз күні түнде "Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті терроризмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Мұрат Үмбетәлиев департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы Ерлан Бектұрғанов пен бұрынғы полиция қызметкері Жетпісбаевқа пышақ салып, жарақаттағаны" хабарланған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, "полицейлер бірігіп ішімдік ішкен соң кикілжіңге келіп, соңы жанжалға ұласқан. Екі полицей пышақтан жарақат алған". Оқиғадан соң "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық ісқозғалып, Бектұрғанов қамауға алынған, Үмбетәлиевке іздеу жарияланған.

Азаттық тілшісі 15 тамыз күні Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан оқиғаға қатысты комментарий беруді сұраған еді. Министр полиция басшыларының бір-бірін пышақтағанына қатысты журналистерге комментарий беруден бас тартқан болатын. Үкімет отырысына келген ол журналистерге "ресми сауалнама жолдаңыздар" деп қана жауап беріп, комментарий берместен кетіп қалған.

XS
SM
MD
LG