Accessibility links

Ұлыбритания "жалға беру көліктерін шабуыл құралы етудің" алдын алмақ


Камбрильсте болған көлікпен қанды шабуыл жасау оқиғасынан көрініс. 18 тамыз 2017 жыл
Камбрильсте болған көлікпен қанды шабуыл жасау оқиғасынан көрініс. 18 тамыз 2017 жыл

20 тамызда Ұлыбританияның көлік министрлігі жалға алу көліктерін шабуыл жасауға пайдалану қаупінің алдын алу үшін көлікті жалға беретін компаниялардың не шара істей алатынын қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бірнеше күн бұрын Испанияның Барселона және Камбрильс қалаларында терроршылар көлікпен адам басып, 14 жан қаза тапқан. Бұл оқиға биылғы наурыз айында Лондонда болған қанды шабуылды еске салған. Вестминстер көпірінде де терроршылар көлікпен адам қаққан еді.

Полицияның мәлімдеуінше, жалға алған көлікпен жасалатын мұндай қастандықтың алдын алу қиын. Ұлыбритания үкіметінің өкілі: "Терроризм қаупі түрленіп барады, біздің қарымта әрекетіміз де өзгеруі керек" деп мәлімдеді. Өкілдің айтуынша, көлік министрлігі көлікті жалға беруші жекеменшік компаниялар үшін клиенттерін алдын ала тексеру амалдарын жетілдіру жайын ойластырып жатыр.

Наурыздағы шабуылдан соң Ұлыбритания көпірлер мен қала орталығындағы орындарды ықтимал шабуылдардан қорғау үшін түрлі қоршау қойып, күзетті күшейткен.

XS
SM
MD
LG