Accessibility links

Киев пен Мәскеу Донбаста бітім орнатуға келісті


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко жаңа оқу жылының қарсаңында, 23 тамыздан бастап елдің шығысында қақтығысты тоқтатуды ұсынды. Порошенко ұсынысын 22 тамыз күні кешке Ресей президенті Владимир Путин, Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Эмманиуэль Макронмен телефонмен сөйлескенінде айтты. Ұсынысты Ресей, Германия, Франция мен АҚШ бірауыздан қолдады. Меркель мен Макрон Украина шығысындағы балалар мектепке баруы үшін ұзақ мерзімдік бітім орнатуды қолдады.

Украна президенті мен Кремльдің баспасөз қызметтері бітім 23 тамыздан бастап жарияланатынын хабарлады.

Порошенко әкімшілігі мелмекет басшылары бітім "оқушылардың және Донбастың барлық тұрғындарының қауіпсіздігін жақсартуға септесетінінен" үмітеніп отырғанын хабарлады.

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер 22 тамызда Литваға сапарында Baltic News Service агенттігіне берген комментериінде бітімге қолдау білдірді.

XS
SM
MD
LG