Accessibility links

Конгресс Трамптың Ресейге қатысты еркін әрекет жасауын шектемек


АҚШ Конгресі, Вашингтон (Көрнекі сурет).
АҚШ Конгресі, Вашингтон (Көрнекі сурет).

АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Трамп айтқан киберқауіпсіздік саласында ынтымақтастық орнату үшін бірлескен америка-ресей құрылымын құрғысы келсе Конгресті алдын ала ескертуі тиіс болмақ. Бұл жайлы ереже америкалық барлау қызметтерін қаржыландыру туралы туралы заң жобасына енгізілді.

Конгресс президент әкімшілігін Мәскеуге ашатын құпия мәліметтер туралы толық ақпараты бар арнайы есеп беруді міндеттемек. Есепте мұндай ынтымақтастықтың қандай теріс салдары болуы мүмкін екені және оны қалай жоюға болатыны көрсетілуі тиіс.

Дональд Трамп шілдеде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен соң әлеуметтік желіде бірлескен америка-ресей киберқұрылымын құру мүмкіндігі туралы хабарлаған. Трамптың сөзінше, ол Путинмен екі елдің бір-бірінің сайлау процесіне килігуінің алдын алу мақсатында құрылатын киберқұрылым туралы иедяны талқылаған. Трамптың бұл бастамасы қатаң сынға ұшырап, бұдан соң ол аталған мәселені қайта қозғамады.

Конгресс Ақ үйдің Ресейге қатысты еркін іс-қимыл жасауына шектеу қоятын тағы бір қадам жасап отыр. Таяуда Конгрес АҚШ президентін Ресейге Мәскеудің Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаны және америкалық сайлау процесіне киліккені үшін салған санкцияларын өзгерту құқығынан айыратын заң қабылдаған.

XS
SM
MD
LG