Accessibility links

ОҚО прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы ашылды


Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жанындағы азаматтарды қабылдау орталығы. Шымкент, 23 тамыз 2017 жыл.

23 тамызда Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Орталық бір мезетте 30 адамды қабылдауға арнап ашылған. Онда прокурорлар сотқа дейінгі қылмыстық процестің, атқарушылық өндірістің заңдылығын, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау мәселелері бойынша тұрғындардың өтініштерін қабылдайды.

Облыс прокурорының орынбасары Жанболат Туғанбаевтың айтуынша, орталық азаматтырдың құқықтарын қорғай отырып халықтың сенімінен шығу мақсатында ашылып отыр. Оның сөзіне қарағанда, орталық төрт мәселе - азаматтардың өтініштерін қабылдау, құқықтық кеңес беру, қабылдауға жазу және жазылған арыздардың қарау барысымен таныстыру қызметін көрсетеді.

- Бұрын прокуратура алдында адамдар қысылып тұрса , прокурорларды күтуге мәжбүр болса енді есік ашық. Кез-келген уақытта қажетті ақпаратты ала алады, - дейді Жанболат Туғанбаев.

Қазақстанда соңғы жылдары құқық қорғау органдары, оның ішінде сот пен прокуратура шығарған шешімдерге наразылық таныту оқиғалары көбейген. Наразы азаматтар түрлі акциялар өткізіп, кейбірі өзін-өзі өртеуге дейін барған оқиғалар да болды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG