Accessibility links

Өзін-өзі өртеуге не себеп?


Әділбек Мейрамов үйін сүруге келгендерге наразылық көрсетіп тұр. Астана. 24 маусым 2016 жыл. (Көрнекі сурет).

Соңғы уақытта адамдардың өзін-өзі өртеу оқиғасы неге жиілеп кетті және оған не түрткі? Бүгінгі AzattyqLIVE хабарында талқыланды. Хабар қонағы адвокат Айман Омарова болды.

Желтоқсанның 22-сінде Шымкентте 46 жастағы тұрғын Нұркен Айнабеков облыстық прокуратураның алдында өзін өзі өртеді. "Ол өзіне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша полицияның әрекетіне наразылық білдірген" деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Оған дейін, желтоқсанның 6-сы күні Астанада бас прокуратураның тексеру-өткізу пунктінде заң орындарының қызметіне шағынған Майра Рысманова үстіне бензин шашып, өз-өзіне от қойып, кейін ауруханада қайтыс болған. Ресми дерек бойынша, ол ұлына қатысты шыққан сот шешіміне қарсылық ретінде осындай әрекетке барған.

Азаттыққа белгілі ақпарат бойынша, соңғы 8 жылда өзін-өзі өртеу оқиғасы 17 рет қайталанған. Кейбірі құқық қорғау органдары тарапынан қозғалған қылмыстық іске келіспесе, кейбірі сот орындаушылардың тұрып жатқан үйінен шығаруға келген кезінде өздеріне от қойған. Тағы бірнеше оқиғаға отбасындағы ерлі-зайыптылардың өзара келіспеушілігі себеп болыпты. Сондай-ақ, банктен алған несиесін төлей алмай өзін-өзі өртеген оқиға да кездескен.

Өзін-өзі өртеу – тығырықтан шығар жол ма? Мұндай оқиға неге жиілеп кетті? Бұл әлеуметтік теңсіздік көрген немесе сот шешімдеріне келіспеген адамдар арасында әдетке айналып бара жатқан жоқ па? Мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары қандай? Өзін-өзі өртеген жандардың видеосын түсіргендерді немесе сондай ақпаратты естіп, тиісті орындарға хабарламаған адамдарды қандай жауапкершілік күтіп тұр? Қиындыққа тап болып, осындай әрекетке баруға ниеттенген адамдарға құқықтық немесе психологиялық тұрғыда қандай көмек көрсетілуі керек?

Бұл туралы сұрақтарға бүгінгі AzattyqLIVE хабарында адвокат Айман Омарова жауап берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG