Accessibility links

Бакуде Turan агенттігінің басшысы Мехман Әлиев ұсталды


Мехман Әлиев, әзербайжандық Turan агенттігінің басшысы.
Мехман Әлиев, әзербайжандық Turan агенттігінің басшысы.

Бакуде әзербайжандық тәуелсіз Turan ақпарат агенттігінің жетекшісі Мехман Әлиев тұтқындалды. Агенттіктің хабарлауына қарағанда, ол салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген.

Әлиев ұсталғаннан кейінгі 48 сағат ішінде оны бұлтартпау шарасы тағайындалуы тиіс. Халықаралық Журналистерді қорғау комитеті Әзербайжан билігін Turan агенттігі қызметкерлерін қудалауын тоқтатуға шақырды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы да Бакуді агенттік жұмысына килікпеуге шақырды.

16 тамызда салық органының қызметкерлері агенттік кеңсесін тінтіп, құжаттарын алып кеткен. Агенттік қызметкерлері биліктің қудалауының саяси астары бар деп санайды. Тінту кезінде Мехман Әлиев Азаттыққа агенттік ешқандай салық заңнамаларын бұзбағанын айтқан.

11 тамызда "Шекарасыз тілшілер" құқық қорғау ұйымы Әзербайжан билігінің "елдегі соңғы тәуелсіз ақпарат құралын" қудалау үшін салықтан жалтарды деп кінә тағуын айыптаған. Құқық қорғаушылардың 2017 жылы әлемдегі сөз бостандығы индексі туралы есебінде Әзербайжан 180 елдің арасында 162-орында тұр.

1990 жылы құрылған Turan агенттігі әзербайжан, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады.

XS
SM
MD
LG