Accessibility links

Алматы облысында тағы да ұшақ құлап, бір адам қаза тапты


Алматы облысының картасы (Көрнекі сурет).
Алматы облысының картасы (Көрнекі сурет).

Алматы облысының Балқаш ауданында екі кісілік ұшақ апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Қазақстан азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, апаттан ұшқыш қаза тапқан, зардап шеккен ұшақ иесінің өкіліне "алғашқы медициналық көмек көрсетілген".

МAULE М-7-260С ұшағы Алматы облысының Жиделі елді мекенінен солтүстік-шығысқа қарай бақыланбайтын әуе кеңістігнде құлаған.

Азаматтық авиация комитеті ұшақ иесі "Олжа Бастау" компаниясының ұшақты пайдалануға сертификаты немесе авиация жұмыстарын жүргізуге комитет беретін куәлігі жоғын айтады.

"Олжа Бастау" пайдаланған жалпы мақсаттағы авиацияға жатады, азаматтық авиация комитетінде тіркеуде тұр. Бұл оқиға бойынша инвестиция және даму министрлігінің транспорт оқиғалары мен инциденттерін тергеу департаменті тергеу жүргізеді" делінген комитет хабарламасында.

Соңғы айда осымен үшінші әуе апаты болып отыр. 10 тамызда Алматы түбінде Азаматтық авиация академиясының Tecnam 2002 ұшағы апат болған. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бір моторлы, екі кісілік төмен ұшатын ұшақ оқу-жаттығу кезінде құлаған. Апаттан курсант пен ұшқыш инструктор қаза тапқан.

Шілденің соңында Алматы облысында Жаркент қаласынан 10 километр қашықтықта "Қазавиа" компаниясының Як-12 ұшағы құлап, салдарынан 54 жастағы ұшқыш пен 39 жастағы жергілікті шаруа қожалығының басшысы қаза тапқан. Ұшақ егіс алқабын дәрілеп жүргенде апатқа ұшыраған.

XS
SM
MD
LG