Accessibility links

Трамп трансгендерлерді әскерге алуға тыйым салды


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

АҚШ президенті Дональд Трамп қорғаныс министрлігі мен ішкі қауіпсіздік министрлігіне трансгендерлерді қызметке қабылдауға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтында жарияланған "меморандумда" айтылған.

Президент жарлығы Пентагонға жыныс ауыстыру бойынша процедураларға төлем жасауға тыйым салады. Бірақ тыйым күшіне енгенге дейін басталған ондай процедураларды қаржыландыруға рұқсат етіледі. Жаңадан салынған тыйым 2018 жылғы наурыздың 23-інен бастап күшіне енбек.

Трамп трансгендерлердің әскери қызмет атқаруына тыйым салуды қалпына келтіру ниеті туралы биыл шілде айында мәлімдеген.

Трампқа дейінгі президент Барак Обаманың әкімшілігі 2016 жылы трансгендерлердің әскери қызмет атқаруына салынған тыйымды жойған болатын.

XS
SM
MD
LG