Accessibility links

АҚШ энергетика министрі Астанаға келмейтін болды


Рик Перри, АҚШ энергетика министрі.
Рик Перри, АҚШ энергетика министрі.

АҚШ энергетика министрі Рик Перридің Қазақстанға жоспарлаған сапары болмайтын болды деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі. Перридің сапардан бас тартуына Хьюстон штатында тұрған "Харви" дауылы себеп болған. Рик Перри Астанада өтіп жатқан халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне АҚШ президенті делегациясын басқарып келетін болған. Енді оның орнына орынбасары Дэн Брулетт келмек.

"Дауылға және энергетика министрлігінің төтенше жағдайлар кезінде қуат көзімен және энергетикалық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету міндетіне байланысты министр Рик Перридің Астанаға жоспарлаған сапары болмайды" делінген хабарламада.

АҚШ-та соңғы онжылдықтағы ең күшті "Харви" дауылынан Мексика шығанағында орналасқан елді мекендер зардап шеккен. Тамыздың 26-сы күні билік өкілдерінің хабарлауынша, дауыл салдарынан Техас штатында көптеген аудандарды су басып, 300 мыңға жуық адам электр қуатынан ажырап қалған.

XS
SM
MD
LG