Accessibility links

Хьюстонды су басып, мыңнан астам адам құтқарылды


Техас штатында "Харви" дауылынан қираған үйлер. АҚШ, 26 тамыз 2017 жыл.
Техас штатында "Харви" дауылынан қираған үйлер. АҚШ, 26 тамыз 2017 жыл.

Техаста құтқарушылар 27 тамызда тропикалық "Харви" дауылынан кейін су басқан көліктер мен үйлерден мыңнан астам адамды шығарып алды.

АҚШ-та соңғы онжылдықта болмаған ең күшті "Харви" дауылы тұрып, Мексика шығанағында орналасқан ондаған елді мекен зардап шекті. Құтқарушылар адамдарды Хьюстон маңында құтқарды. Дауылдан кем дегенде екі адам қаза тапты және дауылдан кейін су тасқыны толастамай тұрғандықтан құрбандар саны бұдан да артуы мүмкін деген болжам бар. Дауыл біртіндеп жылжып, 30 тамызға дейін Хьюстонға жетеді деп болжанып отыр. АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, Хьюстон маңында тұрғындар мен көлік қозғалысы мүлдем қиындап кеткен.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды су деңгейі көтеріліп кетуінен жансақтау үшін үйлерінде шатырдың астына емес, шатырдың үстіне шығуды сұрап жатыр. Билік жолдың барлығын су басқандықтан Хьюстонның екі милионнан астам тұрғыны су басқан үйлерінен шыға алмай отырғанын ескертті. Ақ үй президент Дональд Трамп 29 тамызда Техасқа баратынын хабарлады. Джордж Буш атындағы халықаралық әуежай су тасқыны салдарынан 27 тамызда қызметін уақытша тоқтатты.

XS
SM
MD
LG