Accessibility links

СІМ: АҚШ-та зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ


Техас штатында дауылдан кейін су басқан аймақтардан адамдарды көшіріп жатыр. АҚШ, 27 тамыз 2017 жыл.
Техас штатында дауылдан кейін су басқан аймақтардан адамдарды көшіріп жатыр. АҚШ, 27 тамыз 2017 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов ресми мәлімет бойынша, АҚШ-та тұрған "Харви" дауылынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоғын хабарлады.

Жайнақовтың айтуынша, АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттар жергілікті қазақ диаспорасының белсенділерімен байланыс орнатқан және оларға қажет болған жағдайда хабарласу үшін Қазақстанның Вашингтондағы консулының байланыс нөмірін және "шұғыл желі" телефондарының нөмірін таратқан.

Қазақстан СІМ мәліметінше, қазір төтенше жағдай аймағында бірнеше жүз қазақстандық жүрген болуы мүмкін.

АҚШ-та соңғы онжылдықта тұрған ең күшті "Харви" дауылынан Мексика шығанағында орналасқан елді мекендер зардап шеккен. Соңғы мәлімет бойынша, дауыл салдарынан екі адам қаза тапты. Дауылдан Техас штатында көптеген аудандарды су басып, 300 мыңға жуық адам электр қуатынан ажырап қалған. Кеше құтқарушылар су басқан көліктер мен үйлерден мыңнан астам адамды шығарған. Дауыл Хьюстонға қарай жылжып барады. Хьюстон маңында су тасқынынан қозғалыс қиындаған.

"Харви" дауылына байланысты АҚШ энергетика министрі Рик Перри Астанаға сапарын доғарды.

XS
SM
MD
LG