Accessibility links

Парижде Еуропадағы миграциялық дағдарыс талқыланады


Грекияның Лесбос аралындағы лагер жанында жүрген мигранттар мен полицейлер. 16 наурыз 2017 жыл.
Грекияның Лесбос аралындағы лагер жанында жүрген мигранттар мен полицейлер. 16 наурыз 2017 жыл.

28 тамызда Германия, Франция, Италия және Испания басшылары Ливия, Чад және Нигерия басшыларымен Еуропа Одағындағы (ЕО) миграциялық дағдарысты реттеу жолдарын талқылау үшін кездеседі.

ЕО мен Африка елдерінің басшылары Парижде Франция президенті Эммануэль Макронның ұсынысы бойынша кездеспек.

БҰҰ мәліметі бойынша, биыл ЕО елдеріне жету үшін Жерорта теңізімен қауіп-қатері жоғары сапарға қайықпен 125 мың мигрант жүріп өтпек болған, оның 2400-ге жуығы жолда қаза тапқан.

Париждегі келіссөзге Германия канцлері Ангела Меркель, Испания премьер-министрі Мариано рахой, Италия премьер-министрі Паоло Джентилони және ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Федерика Могерини қатысады. Еуропалық саясаткерлер Африка елдеріне экономикалық мигранттар мен пана іздеген азаматтары легін азайту үшін көмек көрсетуді ұсынып отыр.

XS
SM
MD
LG