Accessibility links

Дзюдошы Галбадрах әлем чемпионатында қола алды


Галбадрах Отгонцэцэг (ақ формада). (Сурет Қазақстан дзюдо федерациясынан алынды).
Галбадрах Отгонцэцэг (ақ формада). (Сурет Қазақстан дзюдо федерациясынан алынды).

Дзюдодан Будапеште (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Галбадрах Отгонцэцэг 48 килограмда қола медаль иеленді.

Ол алғашқы кездесуде италиялық Францэска Миланиді, украиналық Дария Вилодидті, израильдік Ноа Минскерді жеңген. Ал жартылай финалда жапониялық Тонаки Фунадан жеңілді. Қолаға таласта ресейлік Ирина Долговадан басым түсті.

Галбадрах 2010 жылы Қазақстанға Моңғолиядан келген. 2016 жылы Риода өткен олимпиада ойындарында да қола жүлде алған.

Ерлер арасында жарысқа қатысқан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов (60 кг) медаль ала алмады. Ол ширек финалда әзербайжандық Орхан Сафаровтан жеңілді. Ал қолаға таласта моңғолиялық Волдбаатар Ганбатты жеңе алмады. Осы салмақта күрескен тағы бір қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев та жүлдесіз қалды.

XS
SM
MD
LG