Accessibility links

Түркіменстан: Азиада алдында полиция мен әскер күзеті күшейтілді


Ашғабад көшесінде жүрген түркімен полицейлері (Көрнекі сурет).
Ашғабад көшесінде жүрген түркімен полицейлері (Көрнекі сурет).

Түркіменстанда Азия ойындары қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көше бойында, саябақтарда және базарларда арнайы әскери күзет пайда болды. Бесінші Азиада ойындары Ашғабадта 17-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Азаттықтың Түркімен редакциясының Дашоғыз уәлаятындағы дереккөзінің мәліметіне қарағанда, облыстың ірі базарларын әскер қызметкерлері мен полиция күзетіп жүр. Мұндай күзет саны жиырмадан асады, олардың дені сарбаздардан тұрады.

"Базар ішін полиция көліктері күзетіп жүр. Бір ай бұрын мұндай емес еді. Өзбекстанмен шекара толықтай жабылды. Бұл жолы шекараны екі ел бірден жапты" деді дереккөз.

Тұрғындардың хабарлауынша, Балқан уәлаятында, сонымен бірге Балқанабад қаласындағы сауда нүктелерінде полиция мен әскер қызметкерлерінің күзеті қойылған. Қала әуежайында қауіпсіздік күшейтілген.

Бұған қоса, Түркіменстан Каспий теңізіндегі шекараларына бақылауды арттырған. Мұнда әскери кеме саны ұлғайған.

XS
SM
MD
LG