Accessibility links

Трамп Ресейдің Еуропадағы іс-қимылын қауіпті деуден тартынды


АҚШ президенті Дональд Трамп Финляндия президенті Саули Ниинистемен баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Вашингтон, 29 тамыз 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Финляндия президенті Саули Ниинистемен баспасөз конференциясында сөйлеп тұр. Вашингтон, 29 тамыз 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Мәскеумен қарым-қатынасын жақсартуы қажет деген пікірінее тағы да аргумент келтірді.

Трамп Ресейдің соңғы жылдардағы Еуропадағы саясатын "қауіп төндіреді" деп сипаттаудан бас тартты. 28 тамызда АҚШ-қа ресми сапармен барған Финляндия президенті Саули Ниинистемен өткізген баспасөз конференциясында фин журналистері Трампқа "Ресейді қауіпсіздікке қатер төндіреді деп санайсыз ба?" деп сұраған.

"Мен көп елді қауіпсіздікке қатер төндіреді деп білемін. Меніңше, біраз мемлекет қауіп төндіреді, бірақ біз қажет болғанда барлық қатерді еңсере аламыз" деді Трамп.

АҚШ президенті Ресей мен мен Қытайдың таяуда Балтық теңізінде өткізген әскери жаттығуы және қыркүйекте Балтық бойы елдерінің шекарасына жақын өтеді деп жоспарланған әскери жаттығулар туралы сауалға "Біз бұл аймақты қорғаймыз. Бар айтарым осы. Мұнда біздің жақын серіктеріміз бар. Мен мұны анық және айқын айтып отырмын және көп жылдан бері айтып келемін. Ресеймен тамаша, тым болмағанда жақсы қарым-қатынасымыз ұстағанымызда жақсы болар ма еді деп ойлаймын. Ерте ме, кеш пе, осылай болады деп ойлаймын. Олар үлкен, ядролық қаруы бар ел. Бұл елмен жақсы қатынаста болуымыз керек" деді Трамп.

XS
SM
MD
LG