Accessibility links

АҚШ-тағы дауыл құрбандары саны 31-ге жетті


Хьюстондағы дауылдан кейінгі су тасқынында қалып қойған адамдарды эвакуациялап жатыр. АҚШ, 29 тамыз 2017 жыл.
Хьюстондағы дауылдан кейінгі су тасқынында қалып қойған адамдарды эвакуациялап жатыр. АҚШ, 29 тамыз 2017 жыл.

АҚШ-та "Харви" дауылы салдарынан қаза тапқандар саны 31 тамыз күнгі мәлімет бойынша 31 адамға жетті. Ал Arkema химиялық компаниясы су тасқыны салдарынан Хьюстон қаласының солтүстік-шығысында орналасқан зауытында жарылыс болуы мүмкін екенін хабарлады. Зауыттан радиусы екі жарым километр қашықтықта орналасқан елді мекендердің тұрғындары, зауыттың өз жұмысшылары да эвакуацияланды.

Компанияның мәлімдеуінше, дауыл салдарынан жүрген су тасқынынан зауыт территориясын су басып, электр қуаты ажырап қалған. Осының кесірінен зауыттағы тез жарылып, атылу қаупі бар заттарды салқындату жүйесі істен шыққан. Енді мұндай материалдар сақталған қоймада жарылыс болып, үлкен өрт шығу қаупі бар. Компания басшысы территориядағы су деңгейі жоғары және электр қуаты ажырап қалғандықтан жарылысты болдыртпау шарасын жасай алмай отырғандарын айтады.

АҚШ-та соңғы 12 жылда "Харви" сияқты күшті дауыл тұрған емес. Дауыл салдарынан 30 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Дауылдан ондаған миллиард доллар шығын келді деп есептеліп отыр. Синоптиктер "Харвидің" күшін 2005 тұрған "Катрина" дауылымен теңестіріп отыр. Бұл дауылдан Жаңа Орлеанда 1800 адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG