Accessibility links

Мумбайда ғимарат опырылып қирап, 11 адам қаза тапты


Құтқарушылар опырылып қираған ғимарат астынан тірі қалған адамдарды іздеп жатыр. Мумбай, Үндістан, 31 тамыз 2017 жыл.

Үндістан билігі елдің қаржы орталығы саналатын Мумбай қаласында алты қабатты ғимарат опырылып қирап, 11 адам қаза тапқанын хабарлады. Қирандылар астында тағы 20 адам қалып қойған болуы мүмкін деген қауіп бар.

Мумбайдың халық тығыз қоныстанған ауданында қираған ғимаратты құтқарушылар арнайы техникамен аршып жатыр. Полиция 14 адам құтқарылып, ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

Жергілікті биліктің болжамынша, нөсер 100 жылдай уақыт бұрын салынған ғимараттың іргетасына әсер еткен болуы мүмкін.

Мумбайда өткен айдан бері осымен үшінші ғимарат опырылып қирап отыр.
Үндістанда жыл сайын құрылыс талаптарының сақталмауы мен ескілерінің тозығы жетуінен бірнеше ғимарат құлап, ондаған адам қаза табады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG