Accessibility links

Сан-Францискодағы Ресей консулдығы жабылмақ


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс.

АҚШ Ресейден Сан-Францискодағы консулдығын, Вашингтон мен Нью-Йорктағы өкілдіктерін жабуды талап етті. Мұны 31 тамыз күні АҚШ мемлекеттік департаменті "Кремльдің Ресейдегі АҚШ дипломатиялық өкілдіктерін қысқарту туралы әрекетіне жауап ретінде жасалған шара" деп хабарлады.

Кремль өткен айда АҚШ-тан Ресейдегі дипломатиялық және техникалық қызметкерлері санын екі есе қысқартуды қысқартуды талап еткен. Мәскеу бұл талапты АҚШ конгресі Ресейге қарсы санкцияларды мақұлдағаннан кейін қойған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс Ресей өкілдіктерін жабу туралы шешімді "Трамп жеке қабылдағанын" және шешімнің "Ресей әрекеттеріне жауап ретінде шыққанын" мәлімдеді. Ол «талап бойынша Ресей өкілдіктері 2 қыркүйек күні жабылады" деген.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ әрекеттеріне өкініш білдіріп, "қазір Мәскеу АҚШ әрекеттерін зерттеп жатыр, кейін жауап береді" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG