Accessibility links

Қарағанды облысында қаза болған үш кеншіні жерледі


Қарағанды облысындағы шахталардың бірі. (Көрнекі сурет.)
Қарағанды облысындағы шахталардың бірі. (Көрнекі сурет.)

Бүгін Қарағанды облысында осы аптада "Қазақстан" шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан үш жұмысшыны жерледі.

Валерий Руденконың соңында екі баласы, немересі мен жиені, Максим Шебановтың жеті жасар қызы мен жүкті әйелі, Рустам Ахметжановтың 5, 13 және 16 жастағы үш баласы қалды деп хабарлайды Tengrinews агенттігі.

"АрселорМитталТеміртау" компаниясы басшылығы өндірістегі апат кезінде қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көмек көрсетуге уәде берген. Қаза болғандардың отбасыларына, келісім-шартта қарастырылғандай, кеншілердің 10 жылдық еңбекақысы көлемінде өтемақы төлеумен бірге, компания марқұмдардың соңында қалған балаларының орта және жоғары оқу орындарында білім алуын қаржыландыру туралы міндеттеме алып отыр. Кеншілерді жерлеу шығындарын да компания толығымен мойнына алған.

Тамыздың 31-і күні Шахтинск қаласы маңындағы "Қазақстан" шахтасында ауаға метан газы жайылған кезде шахтада 132 адам жұмыста жүрген. Апат салдарынан үш жұмысшы қаза болған.

XS
SM
MD
LG