Accessibility links

Меркель Еуропаны Ресеймен диалогқа шақырды


Германия канцлері Ангела Меркель. Кельн, 22 тамыз 2017 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель. Кельн, 22 тамыз 2017 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа елдерін Ресеймен арадағы қайшылықтарға қарамастан, Мәскеумен қауіпсіздік мәселелері бойынша диалог орнатуға шақырды.

"Еуропадағы бейбітшілікке біз тек Ресеймен бірге болғанда ғана қол жеткізе аламыз", – деп мәлімдеген Меркель сенбі күні.

Канцлердің пікірінше, Еуропаның Ресеймен байланысты қалпына келтіру үшін барлық күш-жігерді жұмылдырғаны жөн болмақ, сонымен бірге Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісімдері де орындалуы тиіс. Меркель бұған қоса Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қарусыздану туралы келісімдерді орындау қажеттігін атап көрсеткен.

Бұған дейін Еуропа мен Ресей арасындағы қарым-қатынастарды сақтау маңызды екені жайлы Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG