Accessibility links

Пхеньян сутегі бомбасы сынағын сәтті өткізгені туралы мәлімдеді


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық бағдарламаны дамыту туралы айтып тұр. Пхеньян 2017 жылғы қыркүйектің 3-і күні таратқан ресми сурет.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (ортада) ядролық бағдарламаны дамыту туралы айтып тұр. Пхеньян 2017 жылғы қыркүйектің 3-і күні таратқан ресми сурет.

Солтүстік Корея сутегі бомбасын сынақтан өткізгені туралы хабарлады. Жексенбі күні таңертең Оңтүстік Кореяның ақпарат агенттіктері Пунгери (Пхунгери) полигоны аймағында жерасты дүмпулері тіркелгені туралы хабарлады. Алдын ала хабарламаларға қарағанда, жерасты дүмпулерінің табиғи сейсмикалық белсенділікке қатысы жоқ.

Халықаралық баспасөз құралдары Солтүстік Корея 2006 жылдан бері осымен алтыншы рет ядролық сынақ өткізгені туралы хабарлаған.

Қытайдың жер сілкінісін бақылайтын басқармасының хабарламасында эпицентрі жер бетінен "ноль километр" тереңдікте тіркелген 6.3 магнитудалы жерасты дүмпуі "ядролық жарылыстан" болуы ықтимал екені туралы айтылған. Жерасты дүмпуі жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30 кезінде тіркелген.

Солтүстік Кореяның ядролық сынақ өткізуге арналған Пунгери полигоны Пектусан сөнген жанартауы баурайында, Жапон теңізінен 65 шақырым, Ресей шекарасынан 190 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Пхеньян бұл полигонда алғашқы сынақты 2006 жылы жасаған.

XS
SM
MD
LG