Accessibility links

Трамп: АҚШ өзін қорғауға дайын


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын зымыранға орнатуға болатын сутегі бомбасын сынағанын жариялаған соң АҚШ-тың өзін және одақтастарын "дипломатиялық, ядролық және бар күш-қуатын пайдаланып" қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

3 қыркүйекте бұдан бұрынырақ АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис АҚШ-қа кез-келген түрде қауіп төндіруге "жойқын әскери жауап" берілетінін және Пхеньянның әрекеті Солтүстік Кореяға жойылып кету қаупін тудыратынын мәлімдеген.

Сонымен қатар Оңтүстік Корея әскерилерә елдің әскери-әуе күштері мен армиясы Пхеньянның сутегі бомбасын жарғаны туралы мәлімдемесіне жауап ретінде жаттығу өткізгенін хабарлады. Оңтүстік Корея штаб басшыларының біріккен комитеті бүгін таңертең Солтүстік Кореяның ядролық нысандарына шартты түрде соққы беру жаттығуын өткізгенін мәлімдеді.

Корей түбегіндегі жағдай Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға болатын сутегі бомбасын сынақтан сәтті өткізгенін мәлімдеген соң күрт шиеленіскен.

XS
SM
MD
LG