Accessibility links

Режиссер Учитель: Поклонская терроризмді қолдап отыр


Алексей Учитель, ресейлік режиссер.
Алексей Учитель, ресейлік режиссер.

Ресейлік режиссер Алексей Учитель Ресейде өзінің пікірінше діни дәстүрді қорғау деген желеумен "террорлық ұйым" құрылып жатқанын және оған Мемлекеттік дума депататы Наталья Поклонская қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді. Режиссер өзінің "Матильда" фильміне православ белсенділерінің қарсылығын және оны Поклонскаяның қолдауын "террорлық ұйымның" өзі туралы мәлімдеуіне сылтау ғана деп санайды.

"Біз олардың идеологтарын да, ұйымдастырушылары мен жасақтарын да көріп отырмыз. Олар киноға емес, Ресей мемлекетіне қарсы жұмыс істеп жатыр" деді Учитель.

4 қыркүйек күні таң ата Екатеринбургте Свердловск облысының 39 жастағы тұрғыны Денис Мурашов УАЗ көлігімен "Космос" кинотеатрының есігін соғып, ғимаратты өртемек болған. Кейін қылмыскер ұсталған. Ресейлік БАҚ-тың тергеу органдарындағы дереккөзіндеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мурашовтың мұндай қастандық жасауына Екатеринбургте Поклонская қарсы "Матильда" фильмінің прокатқа шығуы себеп болған. Депутат Ресейдің соңғы патшасы Николай ІІ-нің балет бишісі Матильда Кшесинскаямен махаббат хикаясын баяндайтын картина "православтардың діни сезімін қорлайды" деп біледі.

Алексей Учитель бұған дейін "Матильда" филмінің прокатқа шығуына байланысты өзіне қоқан-лоққы жасалғанын мәлімдеген. Тамыздың соңында Санкт-Петербургте әлдебір адамдар режиссер студиясының терезесіне жанғыш сұйықтығы бар шөлмек лақтырған.

XS
SM
MD
LG