Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Ашғабадта тұрғын үй заңнамалары бұзылып жатыр


Ашғабад іргесіндегі сүріліп, орнына спорт нысандары салынған аумақ. Спутниктен түсірілген сурет.
Ашғабад іргесіндегі сүріліп, орнына спорт нысандары салынған аумақ. Спутниктен түсірілген сурет.

Екі құқық қорғау ұйымы Түркіменстан астанасы Ашғабад тұрғындары Азиада ойындары қарсаңында үйлерінен айырылуға мәжбүр болып, тұрғын үй туралы заңнаманың жаппай бұзылып жатқанын мәлімдеді. Ашғабадтағы Азиада ойындары 17-27 қыркүйек аралығында өтеді.

Венада орналасқан "Адам құқықтары жөніндегі түркімен бастамасы" ұйымы мен Human Rights Watch ұйымы Түркіменстан билігі спорт жарысына дайындық барысында Ашғабадта мыңдаған тұрғынның "үйінен күштеп шығарылып, сүрілгенін" және оларға "тиісті өтемақы берілмегенін" мәлімдеді. Құқық қорғаушылар түркімен билігі қаланы Азиада ойындары қарсаңында бірыңғай тәртіпке келтіру үшін сонымен қатар "тұрғын үйлер жанына салынған құрылыстарды да бұзып, сүріп жатқанын" және олардың иелеріне сотқа шағымдануға мүмкіндік бермей отырғанын айтады.

Авторитарлық президент Гурбангулы Бердімұхамедов Азиада ойындарын Түркіменстанды Орталық Азия аймағындағы спорт жарыстарын өткізетін орталық ретінде көрсетіп қалу үшін пайдалануға тырысып жатыр. Азиада ойындарына ондаған мың шетелдік келеді деп жоспарланып отыр.

XS
SM
MD
LG