Accessibility links

Сауалнама: Дінге сенбейтін британдықтар көбейген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ұлыбритания тарихында бірінші рет дінге сенбейтіндер саны дінге сенетіндер санынан асып түсті.

BBC жариялаған Ұлттық әлеуметтік зерттеулер орталығының мәліметінше, 2016 жылы әлеуметтік сауалнамаға жауап берген британдықтардың 53 "қай дінді ұстанасыз" деген бағанға "ешқандай дінді ұстанбаймын" деп жауап берген. 18-25 жас аралығындағы адамдар арасындағы дін ұстанбайтындардың үлесі 70 пайыздан асып кетеді.

Мұндай әлеуметтік сауалнама жүргізіле бастаған 1983 жылы сұралған британдықтардың 31 пайызы ғана ешқандай дінді ұстанбайтынын мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG