Accessibility links

Трамп Токио мен Сеулге жаңа әскери техника беруді қолдады


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Жапония мен Оңтүстік Кореяға америкалық жоғары технологиялық әскери құрал-жабдықтар жеткізуге дайын екенін білдірді. Трамп бұл туралы Twitter-де хабарлады.

Кеше АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Никки Хейли Қауіпсіздік кеңесін Солтүстік Кореяның жаңа ядролық сынақ жасауына жауап ретінде Пхеньянға қарсы санкцияны қатаңдатуға шақырған. Хейлидің сөзінше, Пхеньян "соғысты тілеп отыр". Вашингтон 11 қыркүйекте БҰҰ қарауына Солтүстік Корея бойынша жаңа қара жобасын ұсынады.

4 қыркүйекте Трамп Солтүстік Кореяға қарсы күш қолдану мүмкіндігі туралы тағы мәлімдеген. Солтүстік Корея 3 қыркүйекте жерастында сутегі бомбасын жарғанын және ол бомбаны құрлықаралық баллистикалық зымыранға орнатуға болатынын мәлімдеген. Пхеньян БҰҰ қарарларын бұзып, осымен алтыншы рет ядролық сынақ жасап отыр.

XS
SM
MD
LG