Accessibility links

Бейнеу тұрғынына жер мәселесіне орай митинг өткізуге рұқсат берді


Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Маңғыстау облысындағы Бейнеу селосының тұрғыны Ерғали Байдақовтың 4 қыркүйекте жергілікті әкімдікке 22 қазанда жер мәселесіне қатысты бейбіт шеруге шығуға рұқсат беруді сұрап жазған арызы қанағаттандырылған.

Бұл туралы Азаттыққа Бейнеу ауданының әкімі Басшы Әзірханов хабарлады.

- Ауыл әкімін бәрін шақырып алып айттым. Проблема жоқ, шықсын дедім. Бәрібір оған ешкім бармайды. Бірақ мен өзім барамын, - деді Басшы Әзірханов.

63 жастағы Басшы Әзірханов Азаттық тілшісінің "Ол рұқсат етілген шеруге әкім ретінде ме, әлде зейнеткер ретінде қатысасыз ба?" деген сауалына "Құранда кәрілікке дауа жоқ" деп жазылға" деп жауап берді.

Ерғали Байдақов бұған дейін Қытайдан Қазақстан аумағында 51 кәсіпорын салу туралы жоспарына наразылық білдіріп, жерді шетелдіктерге жалға бермеу үшін шеруге шығатыны туралы әкімдікке арыз түсірген еді.

Қытайдың Қазақстан аумағында бірлескен 51 кәсіпорын салу туралы жоспарын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы қыркүйекте осы елге сапары кезінде айтқан. Оның сөзінше, жалпы құны 26 миллиард долларға бағаланған бұл объектілер бес жыл ішінде салынып бітуі тиіс.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG