Accessibility links

"Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын Қытай өндіреді"


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Астана. 8 маусым, 2017 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин. Астана. 8 маусым, 2017 жыл.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен үш күнге келген Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, екі жақты экономикалық байланыстар жайын талқылады.

Әуелі жабық есік жағдайында өткен кездесуден кейін екі ел басшысы журналистер алдында брифинг өткізді.

БАСШЫЛАРДЫҢ ЫҚЫЛАСЫ

Президент Назарбаевтың айтуынша, Қытай Қазақстанның экономикасында тікелей инвестиция, бөлінген несие және бірлескен кәсіпорын көлемі бойынша негізгі серіктеске айналған. Қазіргі уақытта Қазақстанға Қытайдың 51 кәсіпорны көшіріліп жатыр. "Сол мақсатта Қытайдан 28 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция келмек" дейді Қазақстан президенті.

- Үш кәсіпорын жұмыс істеп тұр, алтауы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, ары қарай да жалғастырамыз. Энергетика, транспорт, логистика бойынша жұмыс істеліп жатыр, - деді Назарбаев.

Соңғы бір жыл ішінде Қытай басшысымен үшінші рет кездесіп отырғанын айтқан Қазақстан президенті Қазақстан-Қытай байланысына "мемлекетаралық серіктестіктің үлгісі" деп баға берген.

- Арамызда шешімін таппаған мәселе жоқ. Туындаған кез-келген мәселе шешіледі, - деді Қазақстан президенті.

Назарбаев Қытай жағының "Бір белдеу, бір жол" идеясын да ерекше атап өтті.

Қытай басшысы Си Цзиньпин Қазақстанға келген осы үшінші сапарын маңызды оқиға деп санайтынын айтты.

- Барлық деңгейдегі мұндай жылы әрі тығыз байланыстар Қазақстан-Қытай қатынасының стратегиялық маңызы барын көрсетеді, - ltl3 jk7

Си Цзиньпин Назарбаевқа Қазақстанға сапарын "өте тамаша ұйымдастырғаны үшін" алғыс білдірді.

- Мен "Пекин палас" қонақүйіне орналастым. Мұнда өз үйімде жүрген сияқтымын, - деді Қытай басшысы.

ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ҚҰЖАТТАР

Осы сапар аясында Қазақстан мен Қытай арасында жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың мерзімін ұзарту туралы меморандумға қол қойды. Меморандум үш жыл қолданыста болады. Құжатқа сай тараптар Жаңажол газ өңдеу зауытындағы газ өңдеу тарифтері жөнінде келісімді "Ақтөбемұнайгаз-СНПС" компаниясы мен "ҚазМұнайГаз" компаниясы арасындағы жекелеген келіссөздер аясында жасауға уағдаласқан.

Қытай басшысының осы сапарында Қазақстанға тікелей инвестиция тартатын Қазақстан-Қытай өндірістік қуат ынтымақтастығы қорының кейбір кіріс түрлерін салықтан босату, Қорғас өзенінен бірлесіп селден қорғау бөгетін салу, біріккен киноөндіріс туралы келісім, Қазақстан министрліктеріне Қытайдың суперкомпьютерлерін беру, салық және телеарналар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

КӨРІҢІЗ: Қытайтанушы ғалым Дүкен Мәсімханұлы Астана мен Пекиннің байланыстары туралы айтты

"ШЫҰ ЕО-ның орнын басардай құрылым болады"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Келіссөз кезінде президент Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандағы мұнайдың 25 пайызын өндіретін" Қытай компанияларын "жақсы серіктес" деп бағалады.

Оқи отырыңыз: ШЫҰ-дан көңілі қалған Қытай «Жібек жолын» жаңғыртқысы келеді​

Астанаға кеше үш күнге ресми сапармен келген Қытай төрағасы ертең Шанхай ынтымақтастығы ұйымы саммитіне, одан кейін ЭКСПО көрмесінің ашылу рәсіміне қатыспақ. Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин соңғы рет 15 мамырда Пекинде Ұлы Жібек жолын жаңғыртатын "Бір белдеу – бір жол" бастамасы бойынша өткен саммитте кездескен болатын.

Оқи отырыңыз: Пекиндегі саммиттің Астанаға берері не?

Биыл Қазақстан мен Қытайдың дипломатиялық қатынас орнатқанына 25 жыл толды.

Қытай төрағасының осы жолғы Қазақстанға сапары қарсаңында Астанада қазақ-қытай байланысына қатысты көптеген мәдени шаралар да өткізілді. Кеше қытайлық актер, Голливуд жұлдызы Джеки Чан Астанада Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысып, жергілікті көрермендермен кездескен болатын.​

КӨРІҢІЗ: Джеки Чанның Астанадағы кездесуі

Джеки Чан жанкүйерлерімен кездесті
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:53 0:00

XS
SM
MD
LG