Accessibility links

Қытай Балқан елдерін “Бір белдеу – бір жол” жобасына тартып отыр


Қытай Балқан елдерін “Бір белдеу – бір жол” жобасына тартып отыр
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Қытай Балқан елдерін өзінің “Бір белдеу – бір жол” жобасына тартуға талпынып отыр. Сәрсенбі, 10 сәуірде Хорватия және Қытай басшылары сауда-саттық, туризм және инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік орнату бойынша бірқатар келісімге қол қойған. “Біз "Бір белдеу - бір жол" жобасын Хорватияның даму стратегиясымен үйлестіре аламыз деп үміттенеміз. Хорватияның тәуелсіздік принциптері мен территориялық тұтастығын сақтай отырып, инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік орнатқымыз келеді” деді Хорватияға ресми сапармен барған Қытай премьер-министрі Ли Кэцян. Дерек бойынша, 2007-2017 жылдар аралығында Шығыс Еуропа мен Орталық Еуропа елдеріне салынған Қытай инвестициясының көлемі 13,5 миллиард долларға жеткен. Сарапшылар кейбір кішігірім елдердің Қытай несиесін алып, қарызға батуының қауіпті салдары болуы мүмкін деп санайды.

XS
SM
MD
LG