Accessibility links

Эр-Рияд Иранның байланысты дұрыстау ұсынысын қабылдамады


Адель әл-Джубейр, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі. Лондон, 5 қыркүйек 2017 жыл.
Адель әл-Джубейр, Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі. Лондон, 5 қыркүйек 2017 жыл.

Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр Иранның өткен аптада қажылық аяқталған соң қарым-қатынасты жақсарту туралы ұсынысын қабылдамай тастады. "Иран Сауд Арабиясымен жақсы қарым-қатынас ортанқысы келсе саясатын өзгертуі тиіс. Ол халықаралық құқықты құрметтеуі тиіс" деді әл-Джубейр Лондонда өткен баспасөз конференциясында.

Ирандық шенеунік, Тегерандағы қажылықты ұйымдастыратын құрылымның басшысы Әли Ғази-Асғар Сауд Арабиясына қажылықты жақсы өткергені үшін алғыс айтып, басқа мәселелер бойынша келіссөз бастауды ұсынған. "Біз Сауд Арабиясына ирандық қажыларға жаңаша қарым-қатынас танытқанына алғыс білдіреміз" деді Ғази-Асғар. Оның пікірінше, қазір тараптарға "басқа салалардағы екі жақты мәселелерді шешуге" мүмкіндік берілген.

Иранның ISNA агенттігінің хабарлауына қарағанда, Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Жавад Зариф қажылықтан соң екі жақты дипломатиялық сапарлар жасалуы мүмкін екенін айтқан.

Әл-Джубейр Зарифтің сөзін "күлкілі" деп атап, Сауд Арабиясы "қазір Иранның тату көрші болуға расымен ұмтылған ешқандай ниетін көре алмай отырғанын" мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG