Accessibility links

Атырау облысында "мұнай ұрлаған" күдіктілер ұсталды


Атырау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Атырау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Атырауда құқық қорғау органдары 11 азаматты мұнай ұрлады деген күдікке іліп, екеуін тұтқындады деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған жергілікті БАҚ.

Прокуратураның ақпаратына қарағанда, "Теңіз кенішінің нысандарынан ұрланған жанар-жағармай өнімдерін сатып алып, оны одан ары түрлі компанияларға сатумен айналысқан қылмыстық топтың қызметі" 6 қыркүйекте тоқтатылған.

Облыс прокуратурасының қызметкері Ернат Сыбанқұлов журналистерге "мұнай және мұнай өнімдерін заңсық алу, сақтау, іске асыру, тасымалдау" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Жалпы көлемі 200 тоннаға жуық дизель отыны бар ыдыс анықталып, олардың жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алуға қатысы барын растайтын құжат пен басқа да материалдар тәркіленді. Жедел тергеу шаралары жалғасып жатыр" делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

XS
SM
MD
LG