Accessibility links

Жанболат Мамайдың ісі бойынша сот үкімі

Алматының Медеу аудандық соты азаматтық белсенді, журналист Жанболат Мамайдың бас бостандығын үш жылға шектеп, дүние-мүлкін тәркілеу және үш жыл журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы үкім шығарды. Жеті ай тергеу абақтысында қамауда отырған журналист үкім жарияланғаннан кейін бостандыққа шықты.

Қуғындағы оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов "жымқырған" қаражаттың бір бөлігінің "ізін жасырды" деген айыппен сотқа тартылған 29 жастағы Жанболат Мамайдың өзі және кей қоғам белсенділері оның үстінен қозғалған қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды.

XS
SM
MD
LG