Accessibility links

Трамптың ұлы сенатта Весельницкаямен кездесуі туралы айтты


Кіші Дональд Трамп, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы.

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы кіші Дональд Трамп 7 қыркүйекте сенаттың заң комитетінде өткен жылы ресейлік адвокат Наталья Весельницкаямен қалай кездескені туралы айтып берді. Бұл кездесуде президент сайлауындағы Трамптың басты қарсыласы - Хиллари Клинтонға "компромат" талқыланған делінеді.

Кіші Трамптың комитет өкілдерімен кездесуіне журналистерді қатыстырған жоқ. Комитет оның Весельницкаямен не туралы кездескеніне ерекше назар аударған. Президенттің ұлы "жеке өзі немесе серіктерінің ешқайсысы ешқандай шетел үкіметімен астыртын сөз байласпағанын" айтқан.

New York Times басылымының хабарлауынша, Дональд Трамптың ұлы ресейлік адвокатпен кездесуін сайлау науқаны кезінде Клинтон туралы кез келген ақпарат жинауға тырысқанымен түсіндірген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: АҚШ арнайы қызметінің назарына бұрыннан іліккен ресейлік адвокат

Комитеттегі кездесуге бірқатар сенатор да қатысты. Демократ Ричард Блументал президенттің ұлы сенат комиттінің ашық тыңдауында да сөйлейтінінен үмітті екенін білдірді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG