Accessibility links

Астанада құрылысшылар жалақысын төлеуді талап етті


"СТС Генподрядчик" құрылыс компаниясының жұмысшылары компания кеңсесі алдында жалақыларын талап етіп тұр. Астана, 8 қыркүйек 2017 жыл.
"СТС Генподрядчик" құрылыс компаниясының жұмысшылары компания кеңсесі алдында жалақыларын талап етіп тұр. Астана, 8 қыркүйек 2017 жыл.

Астанада «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының» ұшақ тұратын ангары құрылысын салып жатқан ондаған жұмысшы жалақысын төлеуді талап етті.

Өздерін "СТС Генподряд" құрылыс компаниясының жұмысшыларымыз деген 30 шақты адам Астанадағы компания кеңсесі алдына жиналды. Жұмысшылардың айтуынша, олар үш айдан бері жалақы алмаған. Кейбір жұмысшылар компанияның өздеріне 500 мың теңгеге дейін қарыз екенін мәлім етті.

Жұмысшы Мұрат Тайлақбаев жұмысшылардың бала-шағалары мектепке баратынын, пәтерақы, несиелерін төлей алмай отырғанын айтты.

Компанияның бас директоры Вячеслав Запорожец журналистермен телефонмен сөйлесіп, өзінің Алматыда екенін айтты. Оның сөзінше, компания құрылысқа тапсырыс беруші тарап қарызын бермегендіктен жұмысшылар жалақысын төлей алмай. Запорожец бүгін түстен кейін жұмысшыларға 50 мың теңгеден аванс таратуға уәде берді.

Бірақ жұмысшылар компания басшысының сөзіне сенімсіздік білдірді. Олардың сөзінше, бұған дейін басшылық талай рет аванс береміз деп уәде еткенімен, орындамаған.

Компанияның қаржы мәселелері жөніндегі директоры да бір қызметкерінен сырттағы жұмысшыларға түстен кейін келу туралы сәлемдеме айтып жіберді. Бұдан соң жұмысшылар түстен кейін кеңсеге қайта жиналатын болып тарқасты.

Астанада құрылысшылар жалақыларын талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:27 0:00

XS
SM
MD
LG