Accessibility links

Астанадағы саммитте Мьянмадағы мұсылмандар жайы талқыланбақ


Түркия президенті Режеп Ердоған.
Түркия президенті Режеп Ердоған.

Түркия делегациясы Астанадағы Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Мьянмадағы мұсылмандардың жағдайын талқыламақ ниетте. Бұл туралы бүгін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді.Ол мұны Астанада Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесуден кейін хабарлаған.

Түркия президенті Режеп Ердоған Қазақстанға аттанар алдында баспасөзге берген сұхбатында осы жолғы сапарында Мьянмадағы мұсылмандар мәселесін көтеретіні туралы айтқан.

Мьянмада зорлық-зомбылық өршігеннен кейін ол елден мыңдаған рохинджа мұсылмандарының бассауғалап көрші Бангладешке қашып баруы Астанада қыркүйектің 10-ы күні басталатын саммит барысында талқыланбақшы.

Қазақстанға үш күнік сапармен жұма күні кешкісін келген Түркия президенті Режеп Ердоғанды сенбі күні Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдаған. Бүгін екі тараптың 590 миллион доллардың инвестициясы туралы тоғыз құжатқа қол қойғаны туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG