Accessibility links

Сирия көтерілісшілері ИМ-ге қарсы ірі операция бастады


Сирияның шығысындағы Дейр-аз-Заур қаласы.
Сирияның шығысындағы Дейр-аз-Заур қаласы.

АҚШ қолдау көрсететін "Сирия демократиялық күштері"елдің шығысындағы мұнайлы өңір – Дейр-аз-Заур провинциясынан "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырларын біржолата ығыстыру үшін ірі операция бастайтыны туралы мәлімдеді.

Негізін күрд жасақтары құрайтын көтерілісшілер құрылымдары жихадшыларды басты тірегі - Сирияның солтүстігіндегі Ракка қаласынан ығыстырып шығаруға әрекет жасап жатыр.

Өткен аптада Сирия президенті Башар Асадқа бағынышты үкімет әскері Ислам мемлекеті" тобы үш жыл бойы қоршауда ұстап келген Дейр-аз-Заур қаласын үш жыл бойы қоршауда ұстап келген "Ислам мемлекеті" күштерінің шебін бұзған.

XS
SM
MD
LG