Accessibility links

БАҚ: АҚШ RT-ге қатысты компанияны "шетел агенті" деп тіркемек


Маргарита Симоньян, Russia Today телеарнасының редакторы.
Маргарита Симоньян, Russia Today телеарнасының редакторы.

Ресейдің мемлекеттік Russia Today (RT) телеарнасы мен америкалық БАҚ АҚШ әділет министрлігі RT-ның осы елдегі бөліміне қызмет көрсететін компанияны "шетел агенті" деп тіркеу қажетін ескерткенін хабарлады.

12 қыркүйекте RT мен баспасөз әділет министрлігінің ескертпесінде компанияны шетел агенттерін тіркеу туралы заң бойынша тіркеу қажетін айтылғанын хабарлады. Заң бойынша, шетел үкіметтерінің мүддесін қорғайтын лоббистер мен заңгерле өзінің қызметі туралы мәліметті жария қылуы тиіс.

АҚШ әділет министрлігі бұл ақпаратты растаған жоқ және комментарий де бермеді. RT сайтында телеарнаның бас редакторы Маргарита Симоньян АҚШ-ты ресейлік БАҚ-қа қарсы "соғыс жүргізіп отыр" деп айыптады. "Америкалық истеблишменттің біздің журналистерімізбен соғысы сөз бостандығына әлі де сенетін арманшыл идеалистергдің барлығына бағытталады. Сөз бостандығын ойлап тапқандар оны жерлеп тынды" деді Симоньян.

АҚШ барлау қызметінің қаңтар айында ұсынған баяндамасында Ресейдің өткен жылғы АҚШ президенті сайлауына киліккені айтылады. Баяндамада RT "Кремльдің халықаралық аренадағы басты үгіт-насихат құралы деп аталған. Баяндамада сонымен қатар RT America "өзін америкалық телеарна ретінде көрсетіп, Ресей билігімен әлдебір құқықтық байланысы барын жасыруға тырысқаны" айтылған.

XS
SM
MD
LG