Accessibility links

Полиция пикет өткізген Сергей Удальцовті босатты


Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі, оппозициялық белсенді.
Сергей Удальцов, "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі, оппозициялық белсенді.

Ресейде "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов полиция бөлімінде бір жарым сағат отырып, босатылды. Белсендіні бүгін түске дейін Мемлекеттік дума алдында жалғыз кісілік пикет өткізген соң полиция тұтқындаған. Удальцовтің Twitter-де хабарлауынша, полиция бөлімінде онымен "профилактикалық әңгіме" болған. Удальцовпен бірге пикетке қатысып, ұсталған Алексей Воронцов та босатылды.

Сергей Удальцов Мемлекеттік дума алдында Қазан революциясының 100 жылдығына орай кең ауқымда рақымшылық жариялауды талап етіп, жалғыз кісілік пикет өткізді.

Сергей Удальцов тамыздың басында бостандыққа шыққан. Ол "Болотный ісі" бойынша төрт жарым жыл түрмеде отырды. Түрмеден босаған соң ол "Солшыл майдан" қозғалысын қайта күшейткісі келетінін мәлімдеп, Ресей саяси сахнасында билікке қарсы тұра алатын, бірақ "батысшыл либералды оппозициядан" бойын аулақ ұстайтын "үшінші күш" құруға шақырған.

XS
SM
MD
LG