Accessibility links

АҚШ-тың Украина бойынша өкілі Донбастағы бітімгерлер міндетін атады


АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер. Киев, 16 қыркүйек 2017 жыл.
АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер. Киев, 16 қыркүйек 2017 жыл.

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер өз елі бітімгерлік миссиясын «шынайы» және қолдауға лайық деп санауы үшін үш критерийді атады. Ол бұл туралы Киевте өткен Yalta European Strategy конференциясы кезінде журналистерге мәлімдеген.

Уолкердің сөзінше, бітімгершілік миссиясы жанжал қамтыған бүгіл аймақта қауіпсіздік үшін жауап беруі тиіс. Миссия қызметкерлері Ресей-Украина шекарасының украин жағын бақылауда ұстауы керек. Бітімгершілік миссиясы ауыр қару-жарақтың мониторингі мен сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Америкалық дипломаттың сөзінше, мұндай миссия «барлық басқа талаптарды қанағаттандырып, саяси реттеуге жол ашар еді».

Сенбі күні Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкин бітімгершілік миссиясынан не күтетіні туралы айтқан. "Европейская правда" газетінің жазуынша, Климкиннің пікірінің көп жері АҚШ-тың ұстанымынан сәйкес келеді.

Курт Уолкер сонымен бірге мұндай миссияны құру туралы диалог әуелде бітімгершілік турылы идеядан үзілді-кесілді бас тартып келген Ресейдің бастапқы позициясын өзгертуінің арқасында мүмкін болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG