Accessibility links

Әкімдік: Астанада құрылыста қаза болған екеу - өзбекстандықтар


Құрылыс басында жұмыс істеп жүрген шетелдік еңбек мигранттары. (Көрнекі сурет.)
Құрылыс басында жұмыс істеп жүрген шетелдік еңбек мигранттары. (Көрнекі сурет.)

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында бүгін болған төтенше оқиға салдарынан қаза тапқан екі адам және жарақат алған бір адам – Өзбекстан азаматтары. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасап Tengrinews агенттігі хабарлады.

Қыркүйектің 17-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 11:56 кезінде "Сарыарқа" ауданында Алаш 25 мекен-жайы бойынша орналасқан құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанның төбе жабындысы мен мен қабырғасының бір бөлігі құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 2 адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Үшеуі де Өзбекстан азаматтары деп хабарлаған қала әкімдігі.

Төтенше оқиға болған нысанға тапсырыс беруші, нысанның бас мердігері, авторлық қадағалау өкілі және құрылыс учаскесінің бастығы Астананың ішкі істер департаментіне жеткізілген.

XS
SM
MD
LG