Accessibility links

Пәкістанда бомба жарылысынан жеті адам қаза тапты


Пәкістанда жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Балужистан, 12 мамыр 2017 жыл.
Пәкістанда жарылыс болған жерде тұрған адамдар. Балужистан, 12 мамыр 2017 жыл.

Пәкістанда жолға қойылған бомба жарылысынан кемінде жеті адам қаза болған, олардың арасында жергілікті жоғары лауазымды шенеунік Фауад Хан да бар. Оқиға Баджур ауданында болған. Шенеунік пен жартылай әскери құрылымның тағы алты адамы отырған көлік жолдағы минаны басып кеткен кезде жарылыс болған. Көліктегілердің бәрі қаза тапқан.

Жергілікті тайпаның бақылауындағы Баджаур ауданында соңғы он жылда Пәкістан армиясы қарулы содырларға қарсы операциялар жүргізіп келген. Пәкістан армиясы бұл ауданды содырлардан тазарттық деп мәлімдегенімен, жолға қойылған немесе қашықтан басқарылатын бомба жарылыстары жиі қайталанады. Әдетте ондай шабуылдар үкіметтік мекемелердің шенеуніктері, әскерилер мен бітімгерлік жөніндегі комитет өкілдеріне қарсы жасалады.

XS
SM
MD
LG