Accessibility links

Назарбаев Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапары кезінде Тараз қаласындағы Айша бибі көшесінде жаңадан көпір құрылысы салынатын жерде, «КазУпакТрейд» құрылыс материалдарын шығаратын зауытта болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Назарбаев президент жанындағы консультативті-кеңесші орган - Қазақстан халқы Ассамблеясының Тараздағы аймақтық бөлімшесі орналасқан Достық үйінде болған.

- Өзбекстан мен Түркіменстандағы сапарларымнан кейін сіздерге келдім. Біздің кездесулеріміз және келісімдеріміздің нәтижесінде бұған дейін болған барлық кедергілер алынады. Қазір жақын көршілерімізбен тиімді ынтымақтастық орнатуға барлық мүмкіндіктер бар, - деген Назарбаев.

16 қыркүйекте Назарбаев Ташкентке жасаған сапарының қорытындысы бойынша Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірқатар келісімдерге және екі ел арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңі басталғаны туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойған. 17 қыркүйекте Назарбаев Ашғабатта жұмыс сапарымен болып, Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездескен.

XS
SM
MD
LG