Accessibility links

PRI: экстремизм және терроризм айыбымен сотталғандар көбейді


"Халықаралық түрме реформасы" (Penal Reform International - PRI) ұйымының аймақтық директоры Азамат Шамбилов.
"Халықаралық түрме реформасы" (Penal Reform International - PRI) ұйымының аймақтық директоры Азамат Шамбилов.

"Түрмеде отырғандардың радикалдануы проблемаға айналып отыр" деп мәлімдеген "Халықаралық түрме реформасы" (Penal Reform International - PRI) ұйымының аймақтық директоры Азамат Шамбилов дүйсенбі күні Варшавада. Польша астанасында 18 және 19 қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының адам өлшемі жөніндегі жиыны өтіп жатыр.

Шамбиловтың сөзінше, радикалдану "көптеген елдерде алаңдаушылықты үдетіп отыр, себебі түрме, әсіресе қамаудағылар нашар жағдайда отырған кезде зорлық-зомбылыққа негізделген экстремизмнің таралуына қолайлы ортаға айналуы мүмкін".

"Түрмелерде зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу және оған қарсы тұрудың тиімділігін арттыру үшін қамау орындарын адам құқықтарына сәйкес оңтайлы басқару қажет, штат құрамы толықтырылып, сонымен бірге пенитенциарлық мекемелердегі лауазымды адамдардың кәсіби білімі мен тәжірибесі болуы керек. Радикалдану проблемасын шешу үшін тиімді шаралар мен қаржы ресурстары, сонымен бірге пенитенциарлық жүйеге жаңа қызмет түрлерін енгізу қажет. Сотталғандар арасындағы радикалдану және экстремизммен күрестің қазіргі заманғы бір жолы – түрмедегі барлау қызметін құру", - деген Азамат Шамбилов жиында сөйлеген сөзінде.

Биыл мамырда Орталық Азиядағы PRI ұйымы Қазақстанда қамауда отырғандардың радикалдану мәселелері туралы зерттеуінің қорытындысымен таныстырған. Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда экстремистік және террористік айыптар бойынша сотталғандар саны өскен. 2014 жылы елдеэкстремистік және террористік баптар бойынша 154 адам, 2015 жылы - 317, ал 2016 жылы 554 адамға жеткен. Таныстырылған мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша Қазақстан түрмелерінде үш жарым мыңнан астам дін ұстанушы қамауда отыр. Олардың 763-і "салафизмді" ұстанатындар болса, 90-нан астамы радикалдық ұстанымын өзгертпеген.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG