Accessibility links

Петербургте Қырым татарларын қолдау шарасы өтті


Қырым татарларын қолдау акциясына қатысушылар. Санкт-Петербург, 18 қыркүйек 2017 жыл.
Қырым татарларын қолдау акциясына қатысушылар. Санкт-Петербург, 18 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей билігі Қырым татарларына қатысты "дискриминациялық" саясат жүрігізіп отыр деп санайтын оншақты азаматтық белсенді дүйсенбінің кешінде Санкт-Петербург қаласындағы Нева даңғылына шығып, наразылық акциясын өткізді.

Белсенділер Симферопольде 2014 жылғы ақпанның 26-сында өткен шеруден кейін басталған"26 ақпан ісі" туралы айтты.

Жақында осы істің аясында Қырымның жоғарғы соты Қырым татарлары межлисі төрағасының орынбасары Ахтем Чийгозды "2014 жылғы 26 ақпанда тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыптап, сегіз жылға бас бостандығынан айырған. Бұған дейін Ресей соты Қырым татарларының межлисін "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған.

XS
SM
MD
LG