Accessibility links

Тиллерсон: Иранмен ядролық келісімге өзгерту енгізу қажет


АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон 19 қыркүйекте кешке америкалық Fox News телеарнасына берген сұхбатында президент Дональд Трамптың әкімшілігі Иранмен 2015 жылғы жасалған ядролық келісімге қолдау білдірмес бұрын ол құжатқа өзгерту енгізу қажет болатыны туралы мәлімдеген.

Тиллерсонның сөзінше, Трамп әкімшілігін әсіресе аталған келісімдегі Иранның ядролық саладағы белсенділігін азайту мерзімі алаңдататыны туралы айтқан. Келісімде Иран уранды байытуды 2025 жылы тоқтатуы мүмкін деп көрсетілуін Тиллерсон аталған құжаттың "ең айқын кемшілігі" деп атаған.

"Келісім талабы соншалықты қатаң емес. Ол [ядролық] бағдарламаны жеткілікті дәрежеде тежемейді... Егер біз Иран келісімін ұстанғымыз келсе оған өзгертулер енгізілуі тиіс", - деген Тиллерсон.

Бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясында алғаш рет сөйлеген президент Трамп «біз түпкі нәтижесінде ядролық бағдарламаны құруды бүркемелеуді қамтамасыз ететін қандай да бір келісімді ұстана алмаймыз» деп мәлімдеген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG